ШҚО кәсіпорындары 262,3 млн тенгені қызметкерлерге қайтарды
Шығыс Қазақстан облысында 39 кәсіпорын 532 қызметкерге жалақы бойынша 327,1 млн теңге қарыз болған. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің ШҚО бойынша департаментінің басшысы Бақытбек Қизатов ШҚО Өңірлік коммуникацилар қызметі өткізген брифингте мәлім етті.
Сондай-ақ, цифрландыру аясында мемлекеттік еңбек инспекторлары зиянды ортада жұмыс істейтін қызметкерлердің еңбек кітапшасын цифрландыру және электрондық еңбек шарттарын HR Enbek жүйесіне тіркеу бойынша жұмыстарды жүргізіп жатыр.
Өндірістік жарақаттану деңгейі өткен жылмен салыстырғанда 7,3%- ға төмендеді. Қызметкерлерді жазатайым жағдайдан сақтандыру бойынша жасалған шарттардың жалпы үлесі белсенді кәсіпорындар санының 65,1% - ын құрайды.
Облыстың 14 кәсіпорнында "Халықтық бақылау" жобасы іске асырылды, оның шеңберінде денсаулық жағдайы бойынша басқа жұмысқа ауыстырылған 64 адам қауіпсіз жұмыс жүргізуді және қызметкерлерді қауіпсіз еңбек тәсілдеріне оқытуды бақылаумен айналысады.
Айта кету керек, 2024 жылдың тоғыз айында мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы жеке және заңды тұлғалардан түскен 1460 өтінішті қарады, ал 2023 жылы дәл осы кезеңде олардың саны 1139 өтінішті құрайтын.