Тәрбие және идеологиялық жұмыс–бұл армияның мүддесі - Өскемен гарнизоны
Біздің Армиямыздағы тәрбиешілердің ең жақсы дәстүрлерін Өскемен гарнизоны әскери бөлімдеріндегі тәрбие құрылымдарының офицерлері жалғастырып келеді. Биыл тәрбие құрылымы офицерлері институтының құрылғанына 28 жыл. Осы жылдар ішінде олар айтарлықтай еңбек етті.
1993 жылғы 19 қаңтарда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен еліміздің Қарулы Күштерінде командирлердің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасарларының институты құрылған болатын.
Тәрбие жұмысы органдарын құру тарихы Қарулы Күштердің қалыптасуы мен даму дәуірімен тығыз байланысты. Бұл жеке құрамның әскери және оқу-жаттығу тапсырмаларын орындауға моральдық және психологиялық дайындығын бағалаудағы жаңа, жоғары критерийлерге қатысты болды.
Осы міндетті шешудегі негізгі рөл жеке құрамның моральдық-адамгершілік рухын қалыптастыруға арналған тәрбие және идеологиялық жұмыстар органдарына берілді.
Тәрбие құрылымдарының қалыптасу тарихындағы жарқын беттердің бірін «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының офицерлері жазды. Біздің тәрбиеші офицерлердің алдыңғы аға буын өкілдері, ардақты ардагерлеріміз–запастағы полковниктер Амангелді Жантасов, Амангелді Ибраев, Бастемір Дүйсембаев, Азамат Мұқатаев.
Гарнизондағы тәрбиеші офицерлердің жаңа буыны да, аға буынның даңқты дәстүрлерін лайықты жалғастырып келеді. Осы жылдар бойы тәрбие құрылымдарының офицерлері бөлімдер мен құрамалардың командирлерімен бірлесіп әскери тәртіп пен құқықтық тәртіпті нығайту, бөлімшелердегі моральдық-адамгершілік жағдайды сауықтыру, жеке құрамның ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғауды қамтамасыз ету шеңберінде тәрбие жұмысының елеулі көлемін атқарды. Оған дәлел Қарулы Күштерде өткізіліп жатқан жарыстар мен оқу-жаттығуларда гарнизонның әскери қызметшілері жеңіп алған жоғары бағалар болып табылады.
Бүгінгі таңда жеке құраммен тәрбие және идеологиялық жұмыс–бұл армияның мүддесі үшін ғана жұмыс істейтін, үнемі дамып, жетілдіріліп отыратын үйлесімді механизм.
ӨСКЕМЕН ГАРНИЗОНЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

Оқи отырыңыз