KZ
Өскемен
+21°
пасмурно жел 3,5 м/с, З
481.84 531.33 5.07

ШҚО-да Желтоқсан құрбандарына арналған ескерткіш салынады

9.12.2020, 16:13 334
Жарма ауданында Желтоқсан құрбандарына арналған ескерткіш салынуы мүмкін. Бұл туралы аудан әкімі Ахметқали Нұрғожин әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

– 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысушыларды қабылдадым. Екі жақты ашық әңгіме барысында ауданымызда тұратын тарихи оқиғаға қатысушылардың ұсыныс-тілектерін тыңдай отырып, бірқатар әлеуметтік мәселелерді назарға алдым.

Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан облыстық «JELTOQSAN-86» қоғамдық бірлестігі өкілдері өз кезектерінде аудан орталығында Желтоқсан оқиғасына қатысушыларға арналған ескерткіш ашу жөнінде ұсыныс тастады. Олардың көтерген бастамасын толық қолдай отырып, мәселені өз бақылауыма алдым, – деп жазады Ахметқали Нұрғожин.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив