ШҚО: Ауыл мектептерінде білім сапасы неліктен төмен?
ШҚО-да қала мектебінің оқушыларына қарағанда ауыл мектептерінде оқушылардың білім деңгейі айтарлықтай төмен.
Балалардың білім сапасына әсер ететін басты себептердің бірі – маман жетіспеушілігі болып отыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
- ШҚО – ның 250 ауылдық мектебінің 190-нан астамы шағын жинақталған. Ал ауыл мектептеріндегі білім сапасының төмендігіне - бейіндік пән мұғалімдерінің тапшылығы себеп болып отыр. Бұл мәселені шешу мақсатында биыл өңірде биология, математика, химия, география, физика, орыс, қазақ және ағылшын тілдеріндегі 29 мұғалімнің тапшылығын жоюға бағытталған "цифрлық және мобильді мұғалім" жобасы іске асырыла бастады, - дейді ШҚО білім басқармасының басшысы Инесса Чернышева.
Сонымен қатар, облыстағы орта білім ордалары мен жетекші жоғары оқу орындарының ынтымақтастығын нығайту үшін түрлі шаралар қабылдануда.
Оқи отырыңыз