KZ
Өскемен
+10°
облачно с прояснениями жел 2,7 м/с, ОШ
444.14 477.05 4.85

Биыл білім беру гранттарын бөлу жүйесі өзгерді

14.06.2019, 05:07 260

Биыл білім беру гранттарын бөлу үрдісіне бірқатар өзгерістер енгізіліді. Енді гранттар білім беру бағдарламаларының топтары бойынша бөлінетін болады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл туралы Білім жіне ғылым министрлігінің ресми сайтында жарияланды.

Бұған дейін ЖОО мемлекеттік гранттары мамандық бойынша бөлінетін.

Аталмыш топтарға жоғары оқу орындарының бір немесе бірнеше білім беру бағдарламалары кіреді.  Барлығы 97 топ бар. 

- Мәселен, маусым айындағы Ұлттық бірыңғай тестілеудегі сынақты талапкер «Математика» + «Физика» пәндерінің комбинациясы бойынша тапсырады делік. Сәйкесінше, талапкер үшін білім беру бағдарламасының тобын ұсынылған 25 бағдарламаның ішінен таңдап алу мүмкіндігі туындайды, - деп жазылған министрліктің хабарламасында.

Төменде пәндер комбинациясы мен сәйкесінше білім беру бағдарламалары топтарының көлемін ұсынылады: 

"Биология" + "География" - 9

"Дүниежүзі тарихы" + "География" - 4

"Математика" + "Физика" - 25

"Химия" + "Биология" - 16

"География" + " Дүниежүзі тарихы " - 1

"Қазақ тілі" + "Қазақ әдебиеті" - 3

"Орыс тілі" + "Орыс әдебиеті" - 3

"Шет тілі" + " Дүниежүзі тарихы" - 5

"Математика" + "География" - 9

"Дүниежүзі тарихы" + "Адам. Қоғам. Заң" - 2

"Химия" + "Физика" - 1

"География" + "Шет тілі" – 2 

Шығармашылық емтихан + Шығармашылық емтихан (білім беру бағдарламалары топтарының саны - 9). 

 

Түлектер үшін өздері таңдаған ЖОО-ға оңай түсуге қосымша мүмкіндік беретін жаңашылдықтар:

-ҰБТ-ны енді жылына 4 рет тапсыруға болады;

-Тестілеуді тапсырған сайын әр түрлі пәндер комбинациясын таңдауға болады;

Білім беру гранттарын жеңіп алу үшін талапкер міндетті түрде жазғы ҰБТ тапсыруы қажет;

-Техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарының түлектері ҰБТ тапсырмай-ақ, өз мамандығы бойынша қысқартылған бағдарлама бойынша оқуын жалғастыра отырып, ЖОО-ға ақылы негізде түсе алады;

-Оқуға түсу үшін ЖОО емтихандарының нәтижелері жеткілікті;

-Кешенді тестілеу (КТ) ҰБТ-мен біріктірілді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив