Алтайдың инсульт орталығында күрделі операциялар сәтті өтіп жатыр
Бірнеше жылдан бері Алтайда инсульт орталығы сәтті жұмыс істеп келеді, ол өзінің жабдықталуы бойынша ірі қалалардың жетекші клиникаларынан кем түспейді. Осылай деп аудан әкімінің онлайн-есебін тыңдаған ШҚО әкімі Даниал Ахметов пікір білдірді.
Өткен жылы аудандық аурухана базасында ангиографиялық блок іске қосылған. Қазіргі уақытта стенттеу және аорталық-коронарлық шунттау бойынша 8 операция сәтті өтті.
- Бүгінде өңірдегі пандемиямен күрес жұмыстарына қарамастан, облыстың денсаулық сақтау саласын жаңғырту жұмыстары жалғасып жатқанын атап өткім келеді. Биыл медицина қызметкерлері үшін үздіксіз білім беру жүйесін іске асыруды жалғастырамыз, - дейді облыс әкімі
Босандыру және балалар қызметін дамытудың кешенді жоспары шеңберінде қызметтерін үш ауылдық медициналық ұйымын босандырудың I деңгейіне, тоғыз аудандық және екі ауданаралық аурухананы IІ деңгейге ауыстырылмақ. Бұл жергілікті жерде босанудың күрделі жағдайларын жүргізуге және 1500 грамм салмақтағы балаларды күтуге мүмкіндік береді.