KZ
Өскемен
+3°
пасмурно жел 1 м/с, СБ
479.23 534.96 5.16

Өрт қауіпсізді талаптарын қатаң сақтау керек - аягөз

8.12.2020, 09:29 190

Күзде Ақтоғай кентінде ойламаған жерден үш үй отқа оранды. Тұрғындар болып көптеп- көмектесіп, аудан орталығынан және KAZ Minerals Aktogay кен байыту комбинатынан өрт сөндіру көліктері жеткенімен қызыл жалынға оранған баспаналарды толықтай аман сақтап қалуға қауқарлары жетпеді.

Ең бастысы, Аллаға мың да бір шүкір, адам шығыны орын алған жоқ. Алайда төрт баласымен далада қалған бір отбасы және қасындағы екі үйдегі жан санын қосқанда оннан астам тұрғын зардап шекті.

Жұртшылық аузынан алынған пікірге қарағанда қатты жел болғанда тоқ сымдары бір-біріне тиіп ұшқыны шөпке түседі. Үй жанына өте жақын үйілген шөп маңындағы үйлердің де тұтастай жанып кетуіне алып келді дейді. Ең қызығы Ақтоғайдың басында тұрған өрт сөндіру көлігі сол мезетте сынып тұрған екен.

Оқиға орнына аудан әкімі Ысқақов Сеилбек Абұирұлы арнайы барды. Жұртшылықпен жүздесті. Ашынған тұрғындардың ашық көтерген мәселелерінің де жаны бар.

«Аягөзден шалғай орын тепкен Ақтоғайға бір дұрыс өрт сөндіру көлігінің бөлінбеуі қалай? Салақтап тұрған тоқ сымдарынан енді қанша қауіп көреміз. Құдай бетін ары қылсын, бұдан да сорақы жағдайға тап болсақ қайтеміз. Төрт баласымен үйсіз қалған отбасы жақында ғана осы баспаналарын несиге алып еді. Енді олардың күндері не болады. Шырылдаған шиттей бала-шағаға енді баспананы қалай аламыз? Басқа да зиян шеккен жандардың шығынын қайтеміз?....» деген сияқты салмақты сұрақтардың қойылуы заңды, айтқандары оңды.


Аудан басшысы алғашқы кезекте кенттегі темір жол мекемелерінің басшыларымен кездесіп, ауылдасың қиналғанда қайырым жасаған азаматтық деп білемін. Осы жердегі іргелі мекемелер ретінде қолдарыңыздан келгенше көмек берулеріңізді сұраймын дегеніне азаматтар бір ауыздан жәрдем жасауға күш салатындарын жеткізді.


Сондай-ақ пандемия кезінде ауыл болып қажеттіліктерді алу үшін жиналған ақшадан қалған қаражатты да осы жапа шеккен отбасыларға берсек деп шығарылған шешім де өте құптарлық екен.

Сеилбек Абұирұлы: «Кент бойынша ағайындасып қолдауға ұмтылып жатқан қарекеттеріңізді естіп, біліп отырмын, ол дұрыс. Біз де аудан тарапынан заң талаптарына сай көмектер көрсетеміз. Кәсіпкерлерге, аудан тұрғындарына, да қолқа салып, мешіттерге айтып, еріктілерді жұмылдырып қайырымдылық жасауға ұмтыламыз.


Ең бірінші өрттің шығу себебін заң талаптарына сәйкес анықтау туралы тапсырма беремін. Осыдан бір апта бұрын ғана Ақтоғайда қызметтік сапармен болғанмын. Мал ұстап шөп жинаған жақсы. Бірақ әр істің де талабы бар ғой, мал азығын үйге тым жақын жинауға болмайды. Мұндағы үйлердің көбі шпалдан салынғаны да шындық. Оқыс жағдайдан қашу үшін тұрғындар да өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауы керек.


Кенттегі өрт сөндіру көлігінің неліктен істен шығып тұрғаны туралы кент әкімінен түсінік аламын. Құрал-сайман қажет болса оны алу үшін ауданда қаражат бар. Жұмысты жүйелі ұйымдастыру керек. Салақтап тұрған электр тоғының сымдары мен қисайып тұрған бағаналары туралы нақты жұмыстар жүруі керек. Бұл тұрғыда да арнайы тапсырма беремін. Барлығы кезең-кезеңімен іске асады. Аудан орталығынан жердің шалғайлығына байланысты алдағы уақытта осы

жерден бір өрт сөндіру пунктін ашуды жоспарлап, жұмыс жүргізетін боламыз. Жерлестер! Кент тұрғындары көтерген мәселелеріңіз бен айтқан уәждеріңіздің жаны бар. Дұрыс. Өз тараптарыңыздан да өрт қауіпсіздігі шараларын қатаң сақтауға тырысыңыздар. Атқарушы билік тарапынан көмек болатынын жеткізу үшін арнайы орталарыңызға келдім» - деп жұртшылықтың қойған сұрақтарына жауаптар берді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив