KZ
Өскемен
+15°
ясно жел 2 м/с, В
443.35 475.54 4.82

Өскемендегі кеңсе ғимаратынан өрт шықты

Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

28.03.2024, 13:08 38 Ләззат Қанатқызы

Бүгін Протозанов көшесіндегі екі қабатты кеңсе ғимаратынан өрт шықты.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенше бірінші қабаттың төбесі мен жиһазы өртеніп кеткен, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тілсіз жау электр жабдықтарын орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталмауынан шығуы мүмкін.

- Өртті жоюға жеке құрамнан 22 адам мен 8 бірлік техника жұмылдырылған. Абырой болғанда шеккендер болған жоқ, - дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив