Шомылу маусымы басталғалы 7 адам суға батып кеткен – ШҚО
ШҚО-да жыл басынан бері 10 адам суға батып кеткен, оның 7-еуі шолмылу маусымы кезінде орын алған, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Айта кету керек, құтқарушылар, полиция қызметкерлері және еріктілер өзен-көл жағалауларында жаз шыққалы судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында 2000-нан астам рейд жүргізген.
- Профилактикалық рейдтердің нәтижесі бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабымен (алкогольді ішімдік ішу немесе қоғамдық орында мас күйде жүру) 47 азамат, 364-бабымен (ортақ су пайдалану қағидаларын бұзу) 48 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.