Құтқарушылар суға шомылу маусымын қорытындылады – ШҚО
ШҚО-да шомылу маусымы 1 қыркүйектен бастап шомылу маусымы ресми түрде аяқталды. Биылға шомылу маусымынада 7 адам суға кеткен, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ШҚО ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы Орынбеков Рулан айтып берді.
- Шомылу маусымы кезінде су айдындарында 7 адам суға батып кетті. Негізінен қайғылы оқиғалардың көбі азаматтардың судағы жүріс-тұрыс ережелерін ескермеудің, тыйым салынған және таныс емес жерлерде шомылудың, алкогольдік масаң күйде болудың салдарынан болған. Биыл суға кеткендердің барлығы 18-46 жас аралығындағы ер адамдар болды. Оқиғалар негізінен демалыс күндері тіркелген, - деді Руслан Нұрланұлы.
Сондай-ақ ШҚО ТЖД қызметкерлері жаз мезгілінде 14 адамды судан құтқарған, оның ішінде 2-еуі бала. Құтқарушылар жергілікті атқарушы органдармен, полициямен, волонтерлік ұйымдармен бірлесіп күн сайын рейдтік іс-шаралар өткізді. барлығы 2340 рейд жүргізіліп, 304 – ескерту және тыйым салу белгілері, 130 – көрнекі стендтер орнатылды. Демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша патрульдеу үшін Самар ауданында, Күршім ауылында және Көгілдір бұғаз кентіндегі Бұқтырма су қоймасында мобильді бекеттер жұмыс істеді. Сондай-ақ, Өскемен қаласының аумағына қызмет көрсететін жылжымалы бекеттер қойылды.
- Шомылу маусымы басталғаннан бері адамдардың көпшілік демалатын орындарында 189 бұзушылық анықталды: 364-бап "ортақ су пайдалану қағидаларын бұзу" бойынша 80 адам, 440-бап "алкогольдік ішімдіктер ішу немесе қоғамдық орындарда масаң күйде болу" бойынша 75 азамат жауаптылыққа тартылды. "Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзу немесе орындамау" 412-бабы бойынша 1 адам және "кемелерді, оның ішінде шағын көлемді кемелерді пайдалану қағидаларын бұзу, сондай-ақ құқығы жоқ адамдарды басқару" 582-бабы бойынша 33 адам тартылды, - деп түсіндірді ШҚО ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы.