KZ
Өскемен
-1°
ясно Штиль
500.32 545.3 6

Жас қызды зорлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды – Абай облысы

18.08.2022, 11:32 327

Абай облысының полициясы кішкентай қызды зорлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды

Сотқа дейінгі тергеу барысында ҚР Қылмыстық кодексінің 120 және 121-бабының 4-бөлігінде көзделген іс-әрекеттер бойынша айып тағылған күдікті адам анықталды, онда 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

-        Сол күні күдіктіге қатысты сот "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша тиісті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды, істің барлық мән-жайын зерттеудің жан-жақтылығын, толықтығын және объективтілігін қамтамасыз етуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде, – деді полиция қызметкерлері.

Балаға медициналық көмек көрсетілген. Қылмыстық істі тергеу және болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау департамент басшылығының ерекше бақылауына алынды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу