KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 2 м/с, Ю
495.2 522.34 4.94

Жылыту маусымы кезінде 300-ге жуық өрт оқиғасы тіркелген – ШҚО

Шартты сурет

11.05.2023, 10:50 1 413 Ләззат Қанатқызы

Биыл ШҚО-дағы жылыту маусымы кезеңінде тұрғын үй секторынан шыққан 296 өрт оқиғасы тіркелді.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында ШҚО ТЖД МӨББ бас маманы Анастасия Скляр айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Биыл жылыту кезеңінің қорытындысы бойынша тұрғын үй секторынан шыққан өрт саны айтарлықтай азайған.

– 296 өрт оқиғасы тіркелді, бұл өткен жылыту маусымының ұқсас кезеңімен салыстырғанда 9,7%-ға аз. Оған ШҚО ТЖД мамандары мен жергілікті атқарушы органдардың күнделікті жүргізетін профилактикалық жұмысы әсер етті. Жауапты органдар 283 мыңнан астам адам тұратын 228 мыңнан астам тұрғын үйге тексеру жүргізген, – дейді Анастасия Скляр.

Тексеру нәтижесінде пештерді, тұрмыстық электр аспаптарын тиісінше пайдаланбауға, өртке қарсы үзілістердің болмауына байланысты 59 591 бұзушылық анықталды.

Тұрғындармен құқық бұзушылықтарды жою жөнінде нұсқамалар мен ұсынымдар жүргізіліп, соның нәтижесінде бұзушылықтың 17 722-сі жойылған.

– Қазір халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын және пешпен жылытылатын 3174 үй біздің ерекше бақылауымызда. Мұнда 2520 көміртегі тотығы датчигі орнатылды. Өткен жылыту кезеңінде датчиктер арқылы 2 өрт оқиғасының алдын алып, 8 адам құтқарылғанын айта кету керек, – деді ШҚО ТЖД МӨББ бас маманы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу