KZ
Өскемен
-7°
пасмурно жел 3 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

Биыл тұрғын үйлерден шыққан өрт саны 15% - ға азайған - ШҚО

16.09.2022, 10:32 208

Облыс аумағында пешпен жылынатын 3174 үй тіркелген. Жауапты органдар оларды толықтай аралап, жылыту жұмыстарына, электр жабдықтарының бұзылуына байланысты 2357 жағдайды анықтаған, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ШҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Нұржан Өміржанов айтып берді.

Жылыту маусымы қарсаңында ТЖД мамандары барлығы 13 292 ауланы аралап шыққан.

-        Тұрғындар арасында жүргізілген рейд, акциялар, нұсқаулықтар және тұрғын үйлерді аралау 2021 жылмен салыстырғанда өрт санын 15% - ға азайтуға мүмкіндік берді. Мәселен, 2021 жылы 444 жағдай тіркелсе, 2022 жылы – 376 жағдай орын алған. Сондай-ақ адам өлімі де 36% - ға азайды. Ал, өрт кезінде балалар өлімі болған жоқ. Өрт көп жағдайда отты абайсыз қолдану және пештерді орнату, пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзудан пайда болатыны анықталды, - деп атап өтті Нұржан Өміржанов.

Облыс аумағында пешпен жылытылатын 3 174 үй тіркелген, онда азаматтардың әлеуметтік осал топтаға адамдар тұрады. Қазіргі уақытта мамандар жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп оларды толықтай аралап шыққан. Нәтижесінде, 2 357 құқық бұзушылық орын алған. Оның ішінде: 1 613 пешпен жылытумен, 573 - электр желілері мен электр жабдықтарын пайдаланумен, 171 өзге де жағдайлармен байланысты.

-        Айта кету керек, меморандум аясында "Казцинк" ЖШС-дан 2 140 улы газ датчигі, Катонқарағай ауданының әкімдігінен 200 датчик берілген болатын. Барлық датчиктер қалалар мен аудандарға бөлінді. Күн суытқанға дейін дейін олар орнатылады. Глубокое және Күршім аудандарын қоспағанда әлеуметтік осал азаматтарға жататын барлық үйлерде улы газ датчигін орнату  100%-ды құрайды, - деп түсіндірді ШҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу