ШҚО-да 40 мыңнан астам өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу жағдайы анықталды
Жылыту маусымы басталғалы өңірде пеш жаққанда өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзған 66 өрт оқиғасы тіркелген.
Өрт жағдайын тұрақтандыру үшін ШҚО ТЖД мамандары жеке тұрғын үй секторында тұратын тұрғындар арасында 160 000-нан астам ауланы аралап, 42 820 өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылу жағдайын анықтады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
- Облыс аумағында халықтың әлеуметтік осал топтары тұратын пешпен жылытылатын 3 174 үй бар. Департамент жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп аралап шықты, - дейді ШҚТ ТЖД баспасөз қызметі.
Жылыту кезеңінің басынан бастап "Қазмырыш" ЖШС және жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен азаматтардың әлеуметтік осал санатындағы үйлерде 2476 датчик орнатылған.
Оқи отырыңыз