Сайлау-2023: 800-ден аса сарбаз дауыс берді
Өскемен гарнизоны 27943 әскери бөлімінің сарбаздары сайлауға қатысты.
Бүгін Қазақстанда Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауы өтуде. Саяси науқанға Өскемен гарнизонындағы 27943 әскери бөлімінің 800-ден аса сарбазы қатысып, өз таңдауларын жасады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
– Бүгін мен сайлауға қатысып, еліміздің болашағы үшін, өзімнің болашағым үшін таңдау жасадым. Мәжіліс – заң шығарушы орган болғандықтан, халық үшін қолайлы, тиімді заңдарды реттеп, шығарып отырады, мәслихат біздің өңірдегі әлеуметтік, қоғамдық-мәдени мәселелердің шешілуін қадағалайды. Сондықтан бұл сайлау арқылы менің ғана емес, мені қоршаған қоғамның, өлкемнің болашағы құрылады, – деді қатардағы жауынгер Мұқайұлы Даулет.
Айта кету керек, 27943 әскери бөлімінің сарбаздары №58 жабық сайлау учаскесінде дауыс берді. Ал, әскери бөлімде қызмет ететін офицерлер мен сержаттар өздерінің тұрғылықты жері бойынша сайлауға қатысты.