Өскеменде дауыс беруге халықтың 88,08% қатысты
Елімізде өткен сайлауға Өскемен тұрғындарының 88,08% қатысты.
Жалпы Өскемен қаласы бойынша сайлауда 122 сайлау учаскелері жұмыс істеді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Сайлау процесіне қоғамдық бірлестіктердің, саяси партиялардың өкілдері байқаушы ретінде және ҚР Президенттігіне кандидаттардың сенім білдірген тұлғалары қатысты.
Облыс тұрғындары белсенділік танытып, халықтың 88,08% дауыс берді.
Дауыс беру күні Өскемен қаласының сайлау учаскелерінде болған байқаушылар сайлау заңнамасын бұзушылық тіркелмегендігі туралы актілер берді.
Оқи отырыңыз