Қазақстандық балуан әлем чемпионы атанды
Белградта өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық балуан алтыннан алқа тағынды.
92 келі салмақта еркін күрестен қазақ балуаны Ризабек Айтмұхан небәрі 19 жасында әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Финалға дейін қазақстандық балуан үш қарсыласты жалпы 32:4 есебімен жеңді.
Ал шешуші айқаста Айтмұхан әзербайжандық Осман Нурмагомедовке есе жібергенімен, 5:2 есебімен жеңіске жетті.
Айта кету керек, Ризабек Айтмұхан - еркін күрестен тәуелсіз Қазақстан тарихындағы тұңғыш әлем чемпионы.