KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 1 м/с, С
487.24 529.34 5.02

Таулы аймақтарда көшкін қаупі әлі де сақталады – ШҚО

Фото: inbusiness.kz

9.01.2024, 11:02 563 Ләззат Қанатқызы

9-11 қаңтар аралығында облыстың таулы аудандарында қар көшкіні жүру қаупі бар.
Бұл туралы «Қазселденқорғау» ММ ШҚ филиалы мәлімдеді. Қалың қар мен желдің күшеюіне байланысты таулы аймақтарда көшкін қаупі сақталады, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

ШҚО ТЖД құтқарушылары бұл уақытта тауға барудан бас тартуды ұсынады.

- Көшкін қаупі бар ошақтар автомобиль жолдарына қауіп төндіреді. Сондықтан ондай жерлерде тоқтамай, қауіпті аймақтан тез шығуға тырысыңыз. Егер төтенше жағдайға тап болсаңыз бірден 112 арнасына хабар беріңіз, - дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін 11.00-ден бастап Өскемен-Алтай—Катонқарағай-Рахман қайнары тас жолы жабылды. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында аталмыш жол учаскесінің 58-66 шақырымында профилактикалық қар көшкіні жүргізіледі.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив