KZ
Өскемен
-7°
переменная облачность жел 4 м/с, В
519.61 610.13 6.54

Көшкін қаупі сейілмей тұр – ШҚО

13.01.2023, 12:02 620 Ләззат Қанатқызы

13-16 қаңтар  аралығында облыстың таулы аудандарында қар көшкіні қаупі бар.

ШҚО ТЖД мамандары тұрғындарға тауға барудан бас тарту керектігін ескертеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

«Қазселденқорғау» ШҚ филиалының ақпараты бойынша,  қолайсыз метеожағдайларға – қалың қар жауып, желдің күшеюіне байланысты таулы аудандарда қар көшкіні қаупі әлі де бар.

- Бұл уақытта тауға барудан бас тартқан дұрыс. Көшкін қаупі бар ошақтар автомобиль жолдарына қауіп төндіреді, олардың жанынан өтіп бара жатқанда – тоқтамай, аймақтан тез шығуға тырысыңыз, - дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Егер сіз төтенше жағдайға тап болсаңыз бірден 112 арнасына хабарласыңыз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу