KZ
Өскемен
-7°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, ОШ
516.93 542.52 4.98

Тарбағатайда құрылыс материалын шығарады

Фото: abai.kz

21.09.2023, 15:28 163

Тарбағатай ауданында қайтарымсыз грант арқылы өз ісін өркендетіп жатқандар баршылық.

Солардың бірі Ақжар ауылының тұрғыны Әсел Бөкенова «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының «Бастау бизнес» жобасы бойынша оқып, сертификат алып, 1 млн 380 мың теңге грантқа ие болды. Бүгінде ол аталған қаражатқа Ақжар ауылынан пескоблок құюға қажетті құрал-жабдықтарын сатып алып, кәсібін жүргізіп отыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бәсекелестік артқан заманда қатарынан қалмай, тынымсыз еткен еңбегі босқа кеткен жоқ. Қазір түрлі тапсырыстар қабылдап, ісін алға бастыруда.

– Құрылыс салу ісі қарқын алған мына заман[1]да пескоблок қышын таныстыру артықтау шығар. Дегенмен қысқаша тоқталып кетсек. Пескоблок – цемент, құм және карьер қиыршықтасын аралас[1]тырып жасалатын құрылыс материалы. Негізінен пескоблокты үй, гараж, сарай салуға пайдаланады. Кірпішке қарағанда жылы. Кез келген жағдайға төзімді, – дейді Әсел Бөкенова.

Жалпы, ауданда 2022 жылы Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасымен 88 азамат қоғамдық жұмыс[1]тарға жолданса, 37 азамат жеті түрлі мамандық бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқу оқып, мамандық алған. Оның 20-сы тұрақты және уақытша жұмысқа орналастырылған. 28 үміткер «Бастау бизнес» жобасы бойынша оқып, жаңа бизнес идеяларға арналған қайтарымсыз грант қаражатын алған. Жоғары оқу орнын аяқтап келген үш жас маман жастар іс-тәжірибесіне, бір жас маман алғашқы жұмыс орындары жобасымен жолданған.

Биыл аудан бойынша комиссия шешімімен тоғыз адамға 1 млн 380 мың теңгенің қайтарымсыз гранты, жастардың кәсіпкерлік бастамаларына жәрдемдесу мақсатында 30-ға тарта адамға 2,5% мөлшерлемемен шағын несие, 100-ден астам адамға ауыл шаруашылығы мақсатындағы 2,5%-дық несие беру көзделген.

Ерлан Бапанов

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу