KZ
Өскемен
-6°
пасмурно жел 7 м/с, ОШ
515.02 604.22 6.5

Қайтарымсыз грант деген қандай грант?

26.11.2019, 05:03 696

Қазіргі күні ШҚО бойынша «Бизнес бастау» жобасы аясында 2969 адам қатысып, оның 2511 өздерінің бизнес-жоспарларын қорғап шықты. Оның 928-і 505 мың теңгенің, 298 адам 252 мың теңгенің қайтарымсыз грантына ие болды.

Жалпы, бұл жоба аясында гранттың екі түрі бар. Бірі 252 мың теңгенің гранты болса, екіншісі – 505 мың теңге көлеміндегі грант. Олар бизнес-жоспардың күрделілігіне қарай беріледі, –дейді «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының облыстық филиалының бөлім басшысы Ғалия Тоқтасынова.

Сондай-ақ биыл «Жастар жылы» аясында «Еңбек» бағдарламасының «Жас кәсіпкер» жобасы бойынша да қайтармысз грантқа ие болғандар туралы ауыз толтырып айтуға болады. Бұл бағдарлама жастарға арналғанымен, оның ішінде де көпбалалы және тұрмысы төмен отбасылардан шыққан 29 жасқа дейінгі азаматтар кәсіп ашу үшін мемлекеттік қолдауға ие болды. Оның қайтарымсыз гранты да 505 мың теңгені құрайды. «Жас кәсіпкер» жобасы аясында облыстың 1074 жасы кәсіптік курстан өтті. Бұл жоба келер жылы да жалғасын табады деп күтілуде, өйткені алдағы жыл елімізде «Волонтерлер» жылы деп жарияланбақ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу