Тарбағатайда такси жүргізушілері мұқтаж отбасыларға көмек көрсетті
Тарбағатай ауданының тұрғындары кезекті қайырымдылық шарасын өткізді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Аудандағы аз қамтылған 10 отбасына «Рамазан қоржыны» таратылды.
Бұл жолы игі шараны жолаушылар тасымалымен айналысатын такси жүргізушілері ұйымдастырып отыр.
- Қасиетті айда «Рамазан қоржыны» акциясын ұйымдастырып, мұқтаж шаңырақтарға азық-түліктей көмек көрсетуді жөн деп шештік. Әр адам шамасы жеткенше қайырымдылық шараларына үлес қосқаны дұрыс. Бізде осындай қайырымдылық акцияларына атсалысып тұруға тырысамыз, - дейді такси жүргізушілері.
Оқи отырыңыз