KZ
Өскемен
+11°
переменная облачность жел 2 м/с, В
444.14 477.05 4.85

Аз қамтылған отбасыларға азық-түлік қоржыны таратылды – Тарбағатай

26.02.2024, 10:18 110 Ләззат Қанатқызы

Тарбағатайлық жастар аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға азық-түлік қоржынын таратып, киім-кешекпен көмек көрсетті.

Облыстық жастар ресурстық орталығынан бастау алған «Қоржын» акциясы Тарбағатай ауданында жалғасын тапты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Өткен апта өңірде қатты аяз болды. Күннің суығына қарамастан аянбай еңбек еткен жандарға жастар ыстық шай ұсынып, аязды күні жаяу жүргіншілерге тегін такси қызметін ұсынған.

- Қарт адамдардың үйіне барып, ауласының қарын күреуге қол ұшын создық. Сонымен қатар Ақжар ауылындағы аз қамтылған 2 отбасына,  көпбалалы 2 отбасына азық- түлікпен және де киім-кешекпен көмек көрсетілді. Аталған акция алдағы уақытта да жалғасын табады, - деп түсіндірді Тарбағатай ауданы “Жастар ресурстық орталығының” директоры Талант Оразаев.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив