Тарбағатайда 80 отбасына азық-түлік қоржыны таратылды
Наурызнама онкүндігі бойынша 15 наурыз - Қайырымдылық күні болып белгіленген. Осыған орай Тарбағатай жұртшылығы 80 отбасыға азық-түлік қоржыны мен "Наурыз-Базарлық" сыйлықтарын тарту етті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Айтулы күнге орай аудандағы барлық мекемелер мен ұжымдар, жеке кәсіпкерлер тарапынан аудан көлемінде аз қамтылған, көпбалалы және әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасыларға көмек көрсетіліп, сыйлықтар таратылды.
Ал, Құйған ауылында "Қайырымдылық шын жүректен" атты жәрмеңке өтіп, ет, сүт өнімдері сатылған. Жәрмеңкеден түскен қаражат аз қамтылған отбасыларға көмек ретінде жұмсалып, ауыл тұрғындарына тегін нан мен палау таратылған.
Ерекше қайырымдылық акциясы аясында аудан бойынша 80 отбасыға азық-түлік қоржыны таратылыпты.