Үздік Аяз ата мен Ақшақар анықталды – Өскемен
Кеше облыс орталығында үздік Аяз ата мен Ақшақар анықталып, қаланың бас шыршасының шамы жанды.
Сайысқа барлығы 43 өтініп түсіп, 160-тан астам адам қатысты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Қатысушылардың киімдеріндегі ерекшеліктер, жаңа жылдық тақырыптардағы білімі ескеріліп, көрермендердің берген дауысы бойынша “Дария” балалар бақшасының Аяз атасы мен ақшақары жеңімпаз атанды.
Сонымен қатар, әр түрлі номинациялар бойынша бағалы сыйлықтар табысталды.
Орталық алаңнан Аяз ата мен Ақшақарлардар бөлек, түрлі ертегі кейіпкерлері де тұрғындардың көңілінкөтерді.
Мереке соңында қаланың бас шыршасының шамдары жарқырап, жиналған тұрғындар күні би кеші ұйымдастырылды.