KZ
Өскемен
-8°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, ОШ
510.49 527.29 5.27

ШҚО тұрғыны Бұқтырмада жоғалып кетті

11.08.2020, 05:31 91

Шығыс Қазақстан облысының 43 жастағы тұрғыны Бұқтырмада жоғалып кетті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Вадим Литвинов 7 тамыз күні қайыққа мініп, Кремнюха ауылынан ары жатқан аралға аттаныпты. Ертеңінде қайтып оралмаған соң, достары дабыл қаға бастаған.

– Вадим жанындағыларға аралда балықшы досы тұратынын айтып, шығып кеткен. Аралған жеткен де екен. Сол жерде бір сағаттай аялдап, кері қайтқан. Одан кейін оны ешкім көрмеген, – дейді із-түссіз кеткен азаматтың жұбайы Анна.

Вадим аралға аттанған соң ауа райы бұзыла бастаған көрінеді. Жолдастары оны күн райының жайланғанын күтіп, аралда қалды дескен. Алайда ертеңінде алаңдап, өздері іздеп шыққан. Ал жексенбі күні малшылардың қарсы жағалаудан Вадимның қайығын тауып алғаны белгілі болды.  

– Күйеуімнің жоғалып кеткенін дүйсенбі күні ғана естідім. Достарын оны тауып аламыз деп үміттенсе керек. Полицияға арыз жазып қойдым, – дейді Анна Литвинова.

Анна үш айлық қызын үйде тастап, жолдастарымен бірге күйеуін іздеп шықты. Олар сол жағалаудағы туристік базалады аралап шықпақ.

Қандай да бір мағлұмат естіп-білгендер болса,  8-705-501-85-37, 8-777-764-42-31 номерлеріне хабар бере алады.  

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу