Өскеменде зейнеткерді ұлының досы тонап кетті
67 жастағы қала тұрғыны үйінен ноутбук пен телефонның жоғалып кеткенін айтып, полицияға арызданды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Тексеру шараларының барысында полиция қызметкерлері заттар жоғалған күні зейнеткердің ұлы үйінде досымен бірге ішімдік ішкенін анықтайды. Көңілді отырыстан кейін досы ұялы телефон мен ноутбукты алып кеткен екен.
Күдікті бірден құрықталды. 29 жастағы жұмыссыз қала тұрғыны өз кінәсін толық мойындап отыр.
Ұрлық фактісіне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Оқи отырыңыз