KZ
Өскемен
-12°
плотный туман жел 1 м/с, С
498.51 522.84 4.81

Коронавирус симптомдарын айтып, дәрігерге жүгінетіндер көбейді

20.05.2020, 10:18 208

Қазақстанда коронавирус симптомдарын айтып, дәрігерге өздері жүгінетіндер көбейді. Бұл туралы еліміздің бас санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова айтты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

«Бүгінде коронавирус инфекциясының белгілерімен медициналық көмекке жүгінетіндердің саны артты. Мұндай адамдардың саны апта ішінде 40 пайызға өскен.  Өткен аптамен салыстырғанда 15 пайыздан 17,5 пайызға дейін ұлғайды. Өздері дәрігерге келгендердің көбеюі – бәріміз карантин бітті және бұрынғы өмірімізге еш шектеусіз оралуға болады деп ойлап, профилактикалық шараларды сақтамаудың айғағы. Өкінішке қарай, көбі коронавирус инфекциясының қаупін елемейді. Бұл – өте тез жұғатын ауру, оның салдары ауыр болатынын ескерткім келеді», – деді Айжан Есмағамбетова онлайн-брифингте.

Еске салайық, бұған дейін бас санитар дәрігер елордалық азық-түлік дүкендерінің сатушыларынан күнде коронавирус анықталып жатқаны туралы мәлімдеді.

 

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу