ШҚО-да тағы 12 адамнан коронавирус анықталды

Қазақстанда соңғы тәулікте 800-ден астам адам коронавирус індетін жұқтырды.
COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 311 190-ға жетті.
Соңғы тәулікте ауырғандардың ішінде:
Нұр-Сұлтан қаласында - 180,
Алматы қаласында - 280,
Шымкент қаласында – 87,
Ақмола облысында – 8,
Ақтөбе облысында – 3,
Алматы облысында - 67,
Атырау облысында - 17,
Шығыс Қазақстан облысында - 12,
Жамбыл облысында - 35,
Батыс Қазақстан облысында - 7,
Қарағанды облысында - 56,
Қостанай облысында - 9,
Қызылорда облысында - 19,
Маңғыстау облысында - 10,
Павлодар облысында - 8,
Солтүстік Қазақстан облысында - 9,
Түркістан облысында 13 адам анықталды», - деп жазды комиссия.
Ал қауіпті індеттен бүгін 343 адам жазылып, қатарға қосылды. Нұр-Сұлтан қаласында - 74, Алматы қаласында - 236, Шымкент қаласында - 0, Атырау облысында - 2, Жамбыл облысында – 9, Қарағанды облысында - 16, Қостанай облысында - 4, Павлодар облысында 2 адам тұрады. Елімізде барлығы 1 293 899 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.