KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 1,8 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Үйі жоқтарға 2%-бен арзан ипотека беріледі

7.04.2020, 05:09 175

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі  азаматтардың кейбір санатына жылдық 2%-пен арзан ипотека беруді жалғастырады.Бұл туралы бүгін үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев айтты.

  Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі биыл 49 млрд теңге есебінен көпбалалы отбасыларға, толық емес отбасыларға және мүгедек балалары бар отбасыларға жылдық 2 пайызбен жеңілдікті қарыздар беруді жалғастырады. Осы мақсатқа 49 млрд теңге қарастырылған. Соның арқасында 5 мың адам баспана жағдайын жақсартады. Қосымша пилоттық жобаның шеңберінде 210 млрд теңге бөлінді, бұл "5-10-20" шарттары бойынша 16 мың несие беруге мүмкіндік береді, - деді Қайырбек Өскенбаев.

 Ол сонымен қатар құрылыс индустриясы туралы айтты. 

Бүгінгі таңда құрылыс өнімдерінің негізгі материалдарына нарықтың сұранысы 669 млрд теңгені құрайды. 330 млрд теңгеге өнім өзімізде өндірілсе, 339 млрд. теңгенің өнімі импортталады. Импортты алмастыру жұмыстары аясында 33 жаңа жоба іске асырылып жатыр. Осы кәсіпорындарды іске қосқаннан кейін, импорт үлесі 54%-ға дейін төмендейді және тұрғын үй құрылысында қазақстандық құрылыс индустриясының өнімдерін қолдану 95%-ға дейін артады, - деді вице-министр.

Дереккөз: BAQ.KZ 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив