KZ
Өскемен
-10°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Баспана кезегінде тұрғандардың мәселесін шешу үшін «Шаңырақ» пилоттық жобасы құрылады

2.06.2020, 08:11 132

Кезекте тұрғандардың баспана мәселесін шешу үшін биыл «Шаңырақ» пилоттық жобасы ашылады. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтып берді.

«Биыл Мемлекет басшысының тапсырмасымен кезекте тұрғандардың тұрғын үй мәселелерін шешу үшін «Шаңырақ» пилоттық жобасын іске қосамыз. Бұл үшін 390 млрд теңге бөлінеді, оның 180 млрд теңгесі өңірлерде салынатын әлеуметтік баспана құрылысына жұмсалады. 210 млрд теңге кезекте тұрғандарды Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы «5-10-20» шарттары бойынша несиелеуге жіберіледі», - деді спикер Орталық коммуникациялар қызметінде өткен есеп беру брифингінде.

Оның айтуынша, жыл басынан бері шамамен 25 мың тұрғын үй немесе 3,1 млн шаршы метр баспана пайдалануға берілген. Жыл басынан бері 15 млн шаршы метр тұрғын үй салу және 39 мыңнан астам отбасын мемлекеттік қолдаумен қамту жоспарланған.

 

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу