ШҚО-да маска сататын алаяқтар пайда болды
Интернет арқылы маска сатып алмақ болған Өскемен тұрғыны алаяқтарға тап болды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
23 жастағы бойжеткен жарнамалар сайтынан медициналық маскалар туралы хабарламаны көріп қалып, сатып алуға бел буады. Шотына ақша аудартып алған белгісіз адам сол бойы тауарды жеткізбейді. Өзі де ғайып болады.
Алданған бойжеткен полицияға арызданды. Бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Осы ретте ШҚО Полиция департаменті тұрғындарға төтенше жағдайды пайдаланып, жеңіл ақша табуды көздеген алаяқтардан сақ болуды ескертіп отыр.
Оқи отырыңыз