Бір сағаттан соң ай тұтылады
Бір сағаттан кейін ай тұтылады, деп хабарлайды Altаynews тілшісі.
Айдың тұтылуы қаңтардың 10-ынан 11-іне қараған түні Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 23:07-де басталады. Табиғаттың ғажайып құбылысын Орталық Азия елдері, Ресей, Украина, Молдавия, Кавказ және Қазақстан көре алады. Мамандар, ай ең жоғарғы фазаға (0,89) сағат 01:11 кезінде жетеді деп отыр. Дәл осы сәтте тіптен әдемі көріністі тамашалауға мүмкіндік туады. Ғалымдардың сөзіне сенсек, 2020 жылда ай төрт рет, күн екі рет тұтылады.
Ай көлеңкеден 11 қаңтар, сағат 03:12 минутта шығады.
Оқи отырыңыз