Ертең Ай тұтылады. Қазақстандықтар Юпитер мен Сатурнды көре алады
17 шілдеде, яғни ертең ай тұтылады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Айдың тұтылуы 16 шілдеден 17-сіне қараған түні Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 02.00 сағатта басталады. Ғалымдардың айтуынша, айдың 66%-ы, яғни үштен екі бөлігі көлеңкеге кіреді. Табиғаттың ғажайып құбылысы кезінде қазақстандықтар Сатурн мен Юпитерді көре алады. Мамандар 15 минут ішінде адам тұтылудың құдды кесте бойынша жүріп жатқанын байқай алады деп отыр.
Ай ең жоғарғы фазаға (0.66) сағат 3:30 кезінде жетеді. Дәл осы сәтте тіптен ғажайып көріністі тамашалауға мүмкіндік туады. Өйткені ай оңтүстік- батысқа қарай көкжиекке тақап келеді. Содан кейін ғана ай көлеңкеден баяу шыға бастайды.