Жаңа жылда сыйлық берген немесе алған қызметкерлерге айыппұл салынады
Мереке кезінде сыйлық беру не алу мемлекеттік қызмет туралы Заңға сәйкес мемлекеттік қызметке кір келтіретін әрекет болып бағаланады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі
Лауазымды тұлғаға құны 2 АЕК-тен (5 050 теңге) аспайтын сыйлық бергені үшін 200 АЕК (505 мың теңге) көлемінде, ал мемлекеттік қызметкерлерге сыйлық алғаны үшін 600 АЕК (1 млн 515 мың теңге) көлемінде әкімшілік айыппұл қарастырылған. Құны 2 АЕК-тен жоғары сыйлықтар қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін.
Мемлекеттік қызметші білмей келiп түскен және тиiстi функцияларын атқаруына байланысты алған сыйлықтар жетi күн мерзiмде арнаулы мемлекеттiк қорға өтеусіз тапсыруға жатады.