ШҚО-да акция басталды. Қатысушыларға сыйлық беріледі
«Чек талап етіп, сыйлық ал!» акциясының басты мақсаты азаматтық белсенділікті арттыру мен салық сауаттылығын дамыту болып табылады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Мемлекеттік кірістер департаментінің мәлімдеуінше, акция 1 сәуірден 31 қазанға дейін «Таңдау» ұялы қосымшасының базасында өткізіледі. «Таңдау» - «Қазақтелеком» АҚ-ның қазыналық мәліметтер операторы.
Бұл шараны Мемлекеттік кірістер Комитетінің бастамасымен және ұйымдастыруымен өтеді.
Акцияға белсенді қатысқан облыс тұрғындарына сыйлық беріледі.
Оқи отырыңыз