Мұғалімдерді газет-журналдарға күштеп жаздыруға ешкімнің хақы жоқ - Жемқорлықпен күрес департаменті
Мемлекеттік қызметкерлерді мерзімді басылымдарға күштеп жаздыруға ешкімнің хақы жоқ. Бұл туралы ШҚО Жемқорлықпен күрес департаменті мәлімдеді.
Қазіргі уақытта 2020 жылға мерзімді басылымыдарға жазылу жүріп жатыр. Мұғалімдер, тәрбиешілер және басқа да мемлекеттік қызметкерлер осы науқанға байланысты алаңдаулы.
– Кез келген ұйымның қызметкері мерзімді басылымға өз еркімен жазылуға тиіс. Педагог және басқа да қызметкерлер басылымға жазылудан бас тартуға құқылы. Күштеп жаздыруға тырысқан жағдайда Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ШҚО бойынша Департаментіне жазбаша шағым бере алады. Тізеге салғандар заң алдында жауап береді, – деді департамент басшысының орынбасары Қайрат Сапарғалиев.
Аталмыш департаменттің мекенжайы: Өскемен қаласы Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 4-үй. Электронды поштасы: kense.vko@kyzmet.gov.kz.