KZ
Өскемен
-10°
переменная облачность жел 3 м/с, С
498.34 519.72 4.85

"Сындырып, шығарып алғандар көп". ШҚО-да көктайғақта 200 адам жарақаттанды

6.12.2019, 04:00 106

Облыстық мамандандрылған медицина орталығының ақпараты бойынша, 25 қарашадан бері көктайғақта жарақаттанған 198 адам емханаға келіп қаралған.

– Келушілердің көпшілігі көктайғақта шынтағын, тізесін соғып немесе сіңірін созып алған. Оларға алғашқы медициналық жәрдем көрсетіліп, ем тағайындалып, үйіне жөнелтілді. Ал бір жерін сындырып немесе шығарып алғандарды (әсіресе шығарып алғандар көп) рентгенге түсіріп, гипс салды, – деді мекеменің баспасөз қызметкері.

Расымен де, облыста, әсіресе, Өскеменде кейінгі күндері көктайғақ. Автобус аялдамалары, жүргіншілер өткелінде абай болған жөн.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу