KZ
Өскемен
-16°
туман жел 1 м/с, Ю
509.75 594.67 6.46

Көктайғақта 700 адам жарақаттанды – Өскемен

20.12.2019, 09:42 243

Өскеменде желтоқсан басталғалы бері 700-ден астам адам көктайғақ салдарынан жарақаттанды. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Басқарма мәліметінше, 1-18 желтоқсан аралығында көктайғақта тайып жығылған 700-ден астам адам жарақат бекетіне келіп қаралған. Олардың көбі қол-аяғын сындырып, шығарып алған.

Алайда, облыстық соттың мәліметінше, жарақаттанғандардың ешқайсысы коммуналдық шаруашылық қызметкерлеріне шағымданбаған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу