KZ
Өскемен
+13°
небольшая облачность жел 3 м/с, В
479.05 534.57 5.17

Семейде тағы бір ғылыми-тәжірибелік конференция басталды

15.11.2019, 04:56 102

Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен 2019 жылғы 15 қарашада Семей қаласында «Үш бәйтерек: тағдыр мен тағылым» тақырыбында облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция басталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Алаш қайраткерлері С. Сейфуллин, І. Жансүгіров және Б. Майлиннің 125 жылдығына арналған шараның мақсаты - қазақтың «үш бәйтерегі» атанған қайраткерлердің тағылымын, қазақ әдебиетін дамытудағы еңбектерінің ерекшелігін көпшілікке таныту және латыннегізді жаңа әліпбидің маңызын түсіндіру.

Ғылыми-практикалық конференцияға ғалымдар, зиялы қауым өкілдері, мемлекеттік органдар мен мекемелер қызметкерлері, студент жастар, қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысып жатыр.

Ғылыми-практикалық конференцияның пленарлық мәжілісінде қазақ әдебиетіндегі алаш идеясы, үш бәйтеректің тұлға ретінде қалыптасуы және шығармалары тілінің әдеби-теориялық негіздері талқыланса, секциялық отырыстарда латыннегізді жаңа әліпбидің маңыздылығы төңірегінде сөз қозғалады.

Пленарлық мәжілістен соң конференцияға қатысушылар «Үш бәйтерек-үш ғұмыр», «Ұлт руханияты және жаңа қазақ әліпби» атты екі секцияға бөлініп жұмыс істейді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив