KZ
Өскемен
-8°
туман жел 3 м/с, С
498.34 519.72 4.85

ШҚО-ға 700-ден астам ветеринар маман қажет

11.11.2019, 03:51 181

Өскеменнің іргесіндегі Ұлан ауданына қарасты Саратов ауылында орналасқан, 74 жылдық тарихы бар Шығыс Қазақстан ауылшаруашылық колледжі бүгінде агроном, техник-механик, ветеринар, зоотехник, бухгалтер-ревизор, омарташы мамандарын даярлайды. Бүгінгі күні мемлекет агроөндірістік кешеннің дамуы үшін барынша жағдай жасап отыр.

Студенттердің оқу-тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру мақсатында оқу-өндірістік базасымен бірге ветеринарлық клиника да іске қосылған. Соның аясында кішігірім мал шаруашылық фермасы құрылып, онда ірі қара, ұсақ мал, қоян өсіріледі. Бұл жерде болашақ мамандар малдан қан алу, сою, ота жасауды үйренеді.

Негізгі бағытымыз ауылшаруашылық өндірісіне мамандар даярлау болғандықтан, саладағы сұранысқа жете мән беріп, әлеуметтік серіктестермен, қожалықтармен тығыз байланыстамыз,- дейді оқу орнының басшысы Оралбек Төлегенұлы.

 Колледж басшысының айтуынша, қазір ірі шаруа қожалықтарында еңбек етіп жүрген агрономдар 200-250 мың, ветеринарлық дәрігерлер 300 мың, механизаторлар жұмыс маусымы кезінде 200 мың теңгеге дейін жалақы алады.

Студенттерге өндірістік тәжірибеден өту барысында 90 мың теңге көлемінде жалақы төленеді.

Еліміздің ауылшаруашылығы саласында мына мамандар тапшы: 500-ден астам агроном, 550 – зоотехник, 1500 – веттехник, 1500 – фельдшер, 408 – фермер-менеджер, 560 – техник-механик, 1000-нан астам техник-технолог, 2200 – тракторист-машинист. ШҚО бойынша ғана 700-ден астам ветеринар мамандары қажет.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу