KZ
Өскемен
-12°
плотный туман Штиль
498.51 522.84 4.81

Семейде көп балалы аналар баспаналы болды

18.09.2019, 09:56 145

Семейде облыс әкімі Даниал Ахметовтың ұсынысымен қолға алынып, жаңадан тұрғызылған Қарағайлы шағын ауданы бар.Күн сайын бұл ауданда жаңадан тұрғын үйлер бой көтеріп, қаланың шеткі келбетін көркейте түсуде.Облыс басшысы Даниал Ахметов Семейге келген әр сапары барысында Қарағайлы ауданының келбетіне ерекше назар аударады. Осындағы алып құрлыс Абай Аренаның сапалы тұрғызылуын да назарда ұстап отыр. Бүгін Қарағайлы ауданында ерекше қуанышты жағдай болды. Семейдегі көп балалы 19 ана пәтер кілтіне ие болып, Даниал Кенжетайұлымен қуаныштарын бөлісті.

- Көп балалы аналар, толық емес отбасылар, тұрмыс жағдайы төмен жанұялар Елбасымыздың тапсырмасымен үнемі баспанамен қамтылатын болады,-деді Даниал Ахметов,- сіздерді осындай қуаныштарыңызбен құттықтаймын. Отбасыларыңызға бақыт пен амандық тілеймін. Балаларыңыз аман есен болсын. Сіздер еліміздің гүлденуіне көп үлес қосқан қарапайым жансыздар. Бұл еңбектеріңізді ешқашан ұмытпаймыз.

Айта кету керек, бұл пәтерлер төлемақысы аз қаражаты ай сайын өтелетін үкімет тарапынан жалға берілетін пәтерлер.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу