KZ
Өскемен
-2°
пасмурно жел 5 м/с, З
494.87 520.65 4.91

ШҚО әкімі Даниал Ахметов Өскемендегі көпбалалы отбасыларға пәтер кілтін табыстады

7.05.2019, 09:56 198

Аймақ басшысы Даниал Ахметов Өскемендегі 5 көпбалалы отбасыға пәтер кілтін табыс етті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 

– Елбасы тапсырмасына орай көп балалы және аз қамтылған отбасыларға барынша жан-жақты қолдау көрсетіп жатырмыз. Бүгін баспаналы болған отбасыларға бақыт пен шаттық тілеймін. Жаңа шаңырақтары құтты, берекелі болсын! – деп лебіз білдірді Даниал Кенжетайұлы.

 

Баспаналы болғандардың бірі, бес баласын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған Бейбітгүл Сағаева:

 

– Бұл көптен күткен, орындалмастай болған  арманымыз еді. Өзімнен бұрын балаларым қатты қуанды бұл жаңалықты естігенде. Енді жатақхананың тар бөлмесінде емес, кең сарайдай екі бөлмелі жаңа үйде тұратын боламыз. Бізге осындай мүмкіндік сыйлаған облыс әкімдігіне алғысымыз шексіз. Марқұм жолдасым да біз үшін куанып,  көрінде бір аунаған шығар – деді.  

 

Айта кетейік, бұл отбасылар – алғашқы болып баспана бақытына қол жеткізгендер. Биыл тағы осындай 200 отбасы тегін баспанамен қамтылады.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу