KZ
Өскемен
+10°
небольшой проливной дождь жел 4 м/с, В
442.05 474.14 4.74

Даниал Ахметов: Жолдауда айтылғандарды іске асыруға жұмыла кірісеміз

4.09.2019, 08:20 167

 

Ағымдағы жылдың 2 қыркүйегінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдаған алғашқы Жолдауында айтылған міндеттер мен тапсырмаларды талқылауға арналған бүгінгі облыстық актив жиынында өңір басшысы осылай деді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Қалалар мен аудандар бейнебайланыс арқылы қатысқан алқалы жиынға өзі төрағалық еткен аймақ басшысы жаңа Жолдауда айтылғандай, өңірде шағын және орта кәсіпкерлікке нақты қолдау жасалатынын, келер жылдан бастап негізгі қызметі бойынша олар үш жылға дейін салықтан босатылатынын, сонымен бірге жұмыс берушілердің қызметкерлер үшін зейнетақы жарнасын аударуы 2023 жылға дейін шегерілетінін де өз баяндамасында нақты атап өтті.

– Мемлекет басшысы атап көрсеткендей, облысымызда кәсіпкерліктің кең өріс жаюына, білім беру сапасын жоғарылатуға, медицина мен туризм саласын түбегейлі дамытуға бұрынғыдан да ерекше көңіл бөлінеді. Бұдан бөлек сыбайлас жемқорлықпен күрес қарқын алып, құқыққорғау органдарының қызметі күшейтіледі. Жастар жылы аясында ауқымды шараларды қамтыған Жастар форумы өтеді, қоғамдық қабылдаулардың жұмысы қайта жанданады. Аз қамтылған және көп балалы отбасылардың балаларына барынша қолдау көрсетілетін болады, – деген Даниал Ахметов облыста отбасылық табысы азайған тағы 144 көпбалалы ана атаулы әлеуметтік көмекке ие болатындығын да айтты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив