Өскемен әкімі тікелей эфирге шығыңдар деп жатыр
Өскемен әкімі Жақсылық Омар бөлім басшыларының әлеуметтік желіде тікелей эфирге шығуын талап етті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
– Тұрғындармен осындай форматта тікелей әңгімелесу ауадай қажет. Қала тұрғындары көптеген сұрақтарға үйден шықпай-ақ, жауап ала алады. Апта сайын тікелей эфир кестесін құрып, әкімдік сайтының бетіне шығару қажет, – деді Жақсылық Омар.
Қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, осы аптада онлайн режимде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы тұрғындар сауалына жауап береді.
Айта кетейік, өткен аптада шаһар басшысы екінші рет инстаграм тікелей эфиріне шығып, тұрғындар сауалына жауап берді.