Өскемен әкімі Instagram тікелей эфиріне шығады
Өскемен әкімі Жақсылық Омар қала тұрғындарымен әңгімелесу үшін Instagram тікелей эфиріне шығады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
– 17 мамыр күні сағат 18.00-де Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар @zhaksylyk_omar жеке парақшасында тікелей эфирге шығады, – деп мәлімдеді қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Шаһар басшысы халықпен тікелей байланысқа шығу арқылы дәл қазір қалада жүзеге асырылып жатқан ТҮКШ саласындағы жобалар туралы әңгіме өрбітпек.
Айта кетейік, әлеуметтік желі қолданушылары тікелей эфир кезінде пікір қалдыру арқылы қала әкіміне сұрақ қоя алады.
Оқи отырыңыз