KZ
Өскемен
+13°
переменная облачность жел 1 м/с, С
478.93 534.96 5.16

Кеше Гагарин бульварында тағы бір адамды көлік қағып кетті

27.04.2019, 06:09 188

Кеше кешкі сағат 20:00 шамасында Өскемендегі Гаргарин бульварында тағы да адамды көлік қағу оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Жуықта ғана дәл осы бульвардың бойында кісі өлімі болған еді. Жаяу жүргіншіні машина қағу оқиғасы көп ұзамай тағы қайталанып отыр. Назарбаев даңғылынан бульварға бұрыла берген Scoda Octavia көлігінің 75 жастағы жүргізушісі 26 жастағы қызды қағып кеткен. Жүргізуші жаяу жүргіншіні көрмей қалуы мүмкін деген болжамдар айтылып жатыр

Абырой болғанда жаяу жүргінші дін аман. Медициналық тексерістен кейін ол үйіне жіберілді.

Ал қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметі, жүргізушіге қатысты әкімшілік іс қозғалып, қаттама толтырылғанын мәлімдеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив