Мыңнан астам жобаға қолдау көрсетілді - ШҚО
Шығыс Қазақстанда шағын және орта бизнесті қолдаудың жоғары деңгейі байқалады.
Өңір тұрғындары мемлекеттік бағдарламаларды белсенді зерттеп, өз қызметін ашу үшін барлық мүмкін құралдарды пайдаланады, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Биыл облыста шағын бизнесті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында 24 млрд теңгеге мыңнан астам жобаға қолдау көрсетілді. Тағы 8 млрд теңге субсидиялауға, кепілдік және гранттар беруге, сондай-ақ нысандарға инфрақұрылым тартуға бағытталды.
Кәсіпкерлікті ынталандырудың мұндай шаралары бюджетке салық төлемдерін 120% - ға ұлғайтуға мүмкіндік беріп отыр.