ШҚО сүт, май, бал, панты өндіру бойынша 1-орында, ет өндірісі бойынша 2-орында
![](/kz/uploads/posts/iblock/329/329e8baefca2f583a8cb3051d2c10c8b.jpg)
ШҚО экономикасын дамытудың жетекші бағыты - агроөнеркәсіптік кешен. Өңір елімізде сүт, күнбағыс майы, бал және панты өндіру бойынша 1-орында, ет өндіру бойынша 2-орында, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Ал «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы бойынша облыс субсидияланған жобалар саны бойынша 3-ші орында. Бұл ШҚО әкімі Бұл туралы әкімі Даниал Ахметов онлайн есеп беру кездесуінде айтты.
Жалпы өткен жылы шағын және орта бизнестан бюджетке төлемдер түсімі 119%-ға (14,1 млрд. теңге), негізгі капиталға инвестициялар көлемі-136%-ға (106,6 млрд. теңге) ұлғайған.
Сондай-ақ, өңірлік «Ақ Ниет» жеңілдетілген несиелендіру бағдарламасы аясында барлығы 7,2 млрд. теңгеге 154 жоба, оның ішінде 2020 жылы 40 жоба 1,5 млрд. теңгеге қаржыландырылды.