Үржарлық ақын туралы деректі фильм жарыққа шықты

Жабайыл Бейсенов
Әйгілі «Ауылым» әнінің сөзін жазған үржарлық белгілі ақын Жабайыл Бейсенов туралы деректі фильм жарыққа шықты.
Фильмді қарты ақынның жерлестері түсірді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
50 жылдан бері айтылып келе жүрген ән бұл фильмде жаңа бір қырынан көрсетілген.
Үржар ауданы мәдениет үйінің мамандары Дәурен Есетов пен Сұңқар Баяновтың және осынау жаңа жобаға зор қолдау көрсеткен Қуантай Абеуовке жерлестері алғыс сезімдерін білдіріп отыр.
Бүгінде Жабайыл Бейсеновтің жасы 88-ге келген. Ол - «Ауыл әндері», «Алтын –бесік ауылым», «Алакөлім аяулым», «Күнгейім менің» «Ауылым-алтын қазынам» қатарлы бірнеше жыр жинақтарының авторы. Оның өлеңдеріне Ахметхан Алпыспаев, Кентау Назарбек, Ерболат Қызыкенов, Амантай Әліпов, Қизат Сейітқазин т.б. көптеген композиторлар ән жазған.